Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Баян Есентаева «Қазақ аруы-2016» байқауын тамашалауға шақырды

2010 жылдан бастап елімізде өткізіліп келе жатқан «Қазақ аруы» байқауы биыл 16 наурызда елордада өтпек. Алғашқы үш жылда байқау Алматы қаласында ұйымдастырылса, кейінгі екі жылда Астанада өтті.

ымым

Сурет bnews.kz

«Еліміздің ең сұлу қыздары!!! 16 наурыз күні Конгресс холл сарайында өтетін сұлулық байқауының куәсі болып, кімнің алтын тәж иегері атанатынын бірінші болып біліңіздер. Байқаудың телевизиялық нұсқасын 22 наурыз күні Хабар телеарнасынан көре аласыздар», – деп жазған байқау продюсері Баян Есентаева өзінің Instagram парақшасында.

Бұның алдында продюсер «Қазақ аруы-2016» байқауына қатысатын сұлуларды таныстырып, жеңіске жеткен аруға сыйға тартылатын тәждiң суретiн жариялаған болатын.

Естеріңізге сала кетсек, 2015 жылғы «Қазақ аруы» байқауында 21 жастағы қарағандылық Кәмшат Қоскелова жеңіске жеткен. 26 ару бақ сынаған байқауда бойжеткен алтын тәжбен бірге автокөлік ұтып алған.

Сұлулық байқауының талаптарына келсек, арулар қазақ тілін жетік меңгерген, сымбаты мен сұлулығы келіскен, білімді, өнерлі, бойы 170 см, салмағы 53 келіден төмен, 16-22 жастағы, ұзын шашты болуы қажет.

Талқылау