Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Баян Есентаева Instagram парақшасын жүргізетін адам іздеп жүр

Instagram-дағы ең танымал Қазақстан жұлдызы Баян Есентаева өзінің парақшасын жүргізетін маман іздеп жатыр.

есентаева-230217

Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды, деп хабарлайды Stan.kz.

Танымал продюсер Баян Есентаеваның желідегі оқырмандары күн санап артып келеді. Бүгінгі таңда продюсер 2,5 миллионға жуық фолловері бар Қазақстандағы жалғыз адам.

Продюсердің жеке өмірінде болған әр оқиға жұрт назарынан тыс қалмайды. Есентаева миллиондаған оқырманына жауап беріп үлгермейді. Бір жағынан өзінің өміріне қол сұғып, “ақыл айтқыштардан” ол әбден шаршаған. Сол себепті соңғы кездері ол өз суреттеріне пікір қалдыруға шектеу қойып жүр.

Бұл ретте продюсердің өз жоспары бар. Ол парақшаны мінсіз деңгейде жүргізе алатын SMM маман табылса, ақы төлеуге дайын екенін айтты.

“Креативті идеяларымен сапалы контент ұсына алатын маман табылса, мен қаржы төлеуге дайынмын. Инстаграмды бизнес көзіне айналдырып, табыс табуға болатын кезеңде олардың қызметі маған қажет”, – деп түсіндірді Есентаева.

Жіберіп алмаңыз:

Алуа Қонарова “Ayumi” тобына кастинг жариялады

Анасының киімін киіп алған Қарақаттың ұлы желідегілерді күлкіге қарық қылды (видео)

Продюсеріне тұрмысқа шығатын Луина той көйлегін көрсетті (фото)

Қазақстандық музыканттар Димашты қолдау үшін Қытайға аттанды

 

Талқылау