Баян Есентаева бұл жолы да плагиатқа жол бере ме

Сәрсенбі, 2 Наурыз , 2016 10:14

Күні кеше танымал продюсер Баян Есентаева көрермендерге жаңа жобасын таныстырып, алдағы уақытта оның шығармашылығына куә болатындығымыз туралы айтқан еді.

новый коллаж

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Жарқынай есімді бойжеткеннің көрерменге ұсынырар туындысы да дайын болып қалған сыңайлы. Алайда бітпеген істі желі қолданушылары Анна Шульгинаның “Ножевая” өлеңіне ұқсатып, плагиатқа балап жатыр.

Баян Мақсатқызы инстаграмдағы парақшасына Жарқынай Шалқарова есімді бойжеткен бейнебаянының қалай түсіріліп жатқанын көрсететін видеолар мен суреттер салған болатын. Мұнымен қатар, әр жобасының бір-бірінен асып түсетінін, олардың шын өнеріне қайта сене бастағанын жазған-ды. Алайда желі қолданушылары бейнебаянның желісі мен әнін Анна Шульгинаның “Ножевая” әніне ұқсатып жатыр. Арасында Ерке Есмаханға қатты ұқсайтынын айтқандар да бар.

аммаввс

Продюсердің қолға алған жаңа жобасы Жарқынай Шалқарова Шымкент қаласының тумасы. Осыған дейін көпшілікке «Жанды дауыс» жобасының арқасында танылып үлгерген. Талантының арқасында «Жанды дауыс» жобасында продюсердің көзіне түскен.

орнпке

Жарқынай кәсіби биші болмаса да, мюзикл әртісі болғандықтан, қойылым барысында түрлі қимылды еркін жасайды екен.

Бейнебаян толық түсіріліп болмағандықтан, әзірге кімдікі дұрыс, кімдікі бұрыс екені белгісіз.

Естеріңізде болса, осы уақытқа дейін Баян Есентаеваның ауырып жатқаны туралы жазған болатынбыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
22.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар