Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Баян Есентаева Астанадан бұрын соңды болмаған өнер орталығын ашады

Продюсер, актриса, тележүргізуші Баян Есентаева  жақын күндері Астанадан Shine Hall деп аталатын театр ашпақ. Жаңа жылдан бастап жаңа туындыларды жоспарлап отырған продюсер бұл қуанышын Facebook арқылы жариялап көпшіліктен сүйінші сұрады.

баян

« Достар жақын күндері Астанада менің арманым орындалады! Өз достарыңызбен бөлісіп,парақшаларыңызда хабарлай берсеңіздер болады. Shine Hall атты жаңа театр Астанамыздың орталығы Festival Avenue галереясында ашылмақшы. Мен онда  вокал, хореография,актерлық шеберлік, дауыс жазатын студия тағы да көптеген қызықты бағыттар бойынша өз жоспарымды жүзеге асыратын боламын. Жаңа жұлдыздардың шамын жағатын боламыз!»,-деп жазады Баян Есентаева.

 Продюсердің сөзінше оның шағын-театры бұрын соңды Қазақстанда болмаған өнер  орталығы болмақ. Ол жерде үш мың кв мертлік алаң шығармашылықпен айналысушыларға арналып жасалған. Есентаева онда  шығармашылық кештер, 3D эфектісімен концерттер ұйымдастыруға болатынын қуана айтқан. Белгілі азаматтың сөзіне қарағанда Астаналықтарды өнермен баулудың жаңаша нұсқасы іске қосылмақшы.

3a9ee640ee53bdafa13ff7c0163ee39b

«Біздің жобаларымыз Астанаға жиналады. Барлық өнер адамдары әлі күнге Алматыда. Біз бас қалаға жайғасып,осы жерде  шоу-бизнесті дамытамыз»,-дейді Есентаева.

Талқылау