Продюсер Баян Есентаева Виктор Резниковтың “Мен бұлттарға қағаз жылан жасап ұшырамын”әнінің сөзін мысалға келтіре отырып, оның жақсы ән екенін айтты.
“Мен бұлттарға қағаз жылан жасап ұшырамын! Жылан аспанда өзім ұшып жүрмін деп ойлайды. Жыланға егер жіпті үзіп тастаса, өзі самғап кететіндей көрінеді. Кәдімгі құстарға ұқсап ұмтыла түседі. Тіпті, жіптің үзілмейтініне ызасы келеді. Өкініштісі сол, ол өз өмірінің менің қолымдағы жіп екенін түсіне алмай кетеді”, – деп жазады продюсер өзінің Инстаграм bayanyessentayeva_official парақшасында.
Бұл ән арқылы Баян әншілерді құсқа ұқсайтын жыланға теңеп, олардың продюсерге тәуелді екенін білдіргісі келген секілді.
Баянның бұл жазбасынан кейін қолданушылар оның батылдығына, қайсарлығына риза болатындарын білдірген. Ал, қолданушылардың бірі “Бәрі – сіздің емес, Құдайдың қолында, соны ұмытпаңыз” деп жазған. Оған жауап ретінда продюсер “Бұл менің сөзім емес, Резниковтың сөзі, соны ұмытпаңыз” деп жазыпты.