Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Баян Есентаева әкесінің қуанышымен бөлісті

Бүгін Баян Есентава әкесі Мақсат Байлының «Илиада глазами тюрколога» атты кітабының ресми таныстырылымы өтті.

09

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Баян Есентаева инстаграмдағы парақшасына әкесі Мақсат Байлының кітабын аяқтағаны туралы жазды.

Продюсердің айтуынша, әкесі аталған кітапты жазу үшін 25 жыл тер төккен. «Илиада глазами тюрколога» деп аталатын кітап скиф тілінің, яғни біздің ата-бабамыз сөйлеген тілдің осыдан 4000 жыл бұрын пайда болғанын айғақтайды. Мұнымен қатар, Баян Мақсатқызы «Илиаданың» заманауи қазақтар тілінде сөйлейтіндігін жазды.

Папа 😍

Видео опубликовано Bayan Yessentayeva (@bayanyessentayeva_official)

Мақсат Байлы өзінің кітабы туралы “Қазақтың басынан кешкендерін, өзінің ата-бабаларының тарихын оқи бастайды. Орыс тілділер. Сондықтанда мен айтар едім бұл кітап орыс тілділерге де, қазақ тілділерге де бірдей көмегін тигізеді” деп кітапты жазғандағы мақсатымен бөлісті.

Аталған кітаптың тұсаукесеріне Баян Мақсатқызынан бөлек жиен сіңлісі  Аша Матай мен анасы келген екен.

08

Мақсат Байлының немересі Айсауле Бақытбек те атасының қуанышына ортақтасып, өзіндік пікірін айтты. Тіпті бұл атасының кітабы кейін мектептерде оқытылуы мүмкін екенін айтып, осы күнде есте сақтауға кеңес берді. “Осы күнді есте сақтаңдар. Болашақта аталған кітапты мектептерге пән ретінде енгізуі мүмкін. Маған кішкентай кезімнен атам секілді сөзі өткір, өзі ақылды болсын деп ми мен тілді жегізетін” деп кітаптың сенсация екенін тілге тиек етті.

image

Естеріңізде болса, осы уақытқа дейін Баян Есентаеваның бір кездері киноиндустрия саласында жолы болмағандығы туралы жазған болатынбыз.

Талқылау