Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Баян Есентаева: Ақботаның күйеужігіті маған айыппұл төлейді (видео)

“КешYou” тобынан кеткен Ақбота Сейтмағамбеттің күйеужігіті Баян Есентаеваға айыппұл төлейтін болды. Бұл туралы продюсер НТК арнасының «Ревю» бағдарламасына телефон арқылы берген сұхбатында айтты.

акботабаян_5

«Ақботаның тұрмысқа шығатын жігітімен өзім сөйлестім. Себебі ол Ақботаның бізбен келісім-шартқа отырғанын, кәмілеттік жасқа толғаннан кейін өз еркімен қол қойғанын түсінбеген сыңайлы. Сол себепті ол келісім-шартта көрсетілген сомаға сәйкес айыппұл төлейді. Егер әр қызды айыпсыз жібере беретін болсам, банкротқа ұшырайтыным анық», – деп мәлімдеді Есентаева.

Өз сөзінде продюсер топқа жаңа қыздың таңдалынып қойғанын айтты.

«Біз топ құрамын ауыстырып қойдық. Бұл ел күтпеген құрам болады. Ал дәл қазір оның анық-қанығын айтпаймын. Ал «КешYou» тобы өз жұмысын әрі қарай жалғастырады. Қазіргі уақытта дайындық, ән жаздыру жұмыстары белсенді түрде жүріп жатыр», – дейді Баян Есентаева.

Жіберіп алмаңыз:

КешYOU-лік Ақбота өмірлік жар ретінде кімді таңдап алды? (фото)

Есентаеваның «Қазақ аруы» фильмінде басты рөлді 16 жастағы студент сомдайтын болды (видео)

Жанна Әбуова елдің сүйікті әншісінің тоқалы болып оған ұл туып бергенін мойындады

Ернар Айдар бағасы мың доллардан асатын киімін көрсетіп мақтанды

 

 

Талқылау