Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Баян Есентаева адамдарды ұлт пен нәсілге бөлмеуге шақырды

Баян Есентаева адамдардың ұлтына, дініне, тіліне, нәсіліне қарап бөлмеуге шақырды. Продюсер үндіс халқының ерекшеліктерін атап өтті.

есентаева

«Мына ғалам сондай үлкен әрі түрлі-түсті. Мен адамдарды терілерінің түсіне, дініне қарап бөлмеймін, бәріміз де бір ғаламшарда өмір сүріп жатырмыз. Жер-жерді аралаған сайын, барлық ұлт, дін және мәдениет өкілдерін жақсы көріп, сыйлау керек екенін түсінудемін», – деп бастады сөзін ол желідегі парақшасында.

Одан кейін танымал продюсер үндіс халқының ерекшеліктерін атап өтіп, солардан үлгі алуға шақырды. Мейірімді болуға, адамдарды жақсы көруге, тапқа, нәсілге бөлінбестен тату-тәтті өмір сүруге баулыды.

«Үндістанда Құдайдың түрі көп және адамдардың бәрі мейірімділік пен бейбітшілік үшін дұға жасайды. Үндістер өз елі, мәдениеті мен салт-дәстүрі, тілі мен діні үшін кеуделерін кермейді. Олар үшін сенің қандай Құдайға құлшылық жасайтының маңызды емес. Бұл халықтың патриоттығы адамға күлкі сыйлауы мен қонақжайлылығынан көрінеді, олар келген қонаққа дәмді асын ұсынып, мәдени ескерткіштері туралы ерекше мақтаныш сезімімен әңгімелейді. Олар өз фильмдерін түсіріп, ұшақ, көлік, танк шығарып, әр адамның дінін құрметтейді. Бір жарым миллиард халық ешқандай агрессиясыз бірлікте өмір сүріп жатыр. Байлар да, кедейлер де көп. Алайда қай тап өкілі болмасын, күлімдеп, қонақжайлылық танытып тұрады. Ғажайып елге жолың түскенде қайта оралуға шақырады. Міне, нағыз – махаббат, құрмет, толеранттылық», – деп түйіндеді Есентаева.

Желі қолданушылары Есентаеваға үндістің ғибадатханаларына емес, елге оралып, мешітке барып, құлшылық жасауға шақырды. Продюсер үшін алаңдап, тез сауығып кетуін тілеген жандар да аз емес.

Жіберіп алмаңыз: 

Баян Есентаева: Ендігі Баян қандай? Оны мен білмеймін

Әйелін өлімші етіп сабаған Бақытбек Есентаевтың соты Талдықорғанға ауыстырылды

Есентаева: Қазақстанда бәрі ұят пен қымсынудан тұрады

«Өгей жүрек» телехикаясының кезекті бөлімінен кейін жұрт Есентаева туралы ойын өзгертті (фото)

 

 

 

Талқылау