Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Баян Алагөзованың «Сиситайында» басты рөлді ойнаған актриса кім?

Баян Алагөзованың «Сиситайында» басты рөлді ойнаған актриса Әйгерім Мергенбай ешқандай бай-бағланның қызы емес. Қарапайым отбасында тәрбиеленген. Актриса «СиСиТай» мюзикліндегі басты рөлге қалай ие болғанын айтып берді.

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

«Сиситай» Баян Алагөзованың алғашқы түсірген мюзиклі. Атауын да өзі ұзақ ойланып-толғанып қойған.

«Біз Майкл, Қоянды байқап көрдік. Кімді таңдамадық. Соңында Тай, Май дегендерді де байқап көрдік. Сиситай деген атауды көп іздедік»,- дейді продюсер Баян Алагөзова.

Баян мюзиклына басты рөлді сомдайтын 18 жастағы Әйгерімді жайдан-жай таңдап алмапты.

«Барлығы мені сынады. Ең қиыны Баян Мақсатқызының алдында өнер көрсету болды. Ең алғашқы кастингім болды. Кешьюдің ризамынын білесің бе деді. Мен айттым. Бір кезде Баян Мақсатқызы: «Тоқта! Бірдеңе дұрыс емес», – деді», – дейді актриса Әйгерім Мергенбай.

Көп қыздың арасынан таңдап алған Әйгерім ешқандай бай-бағланның қызы емес. Қарапайым отбасында тәрбиеленген. Жүргенов атындағы музыкалық колледжінің 3 курс студенті.

«Бір жарым айдай маған мүлдем айтқан жоқ. Тек келіп-кетуімді айтатын. Жалғыз өзім ойнағанды көрді. Кейін Камшатпен ойнағанды көрді», – дейді Әйгерім Мергенбай.

Оқи отырыңыз:

Туристік агенттіктердің бірі әнші Бүркітке тегін жолдама беретінін айтып, алдап соққан

Сәкен Майғазиев жеке кешіне бірнеше күн қалғанда ауырып, даусы шықпай қалған

Баян Алагөзова не себептен ана тілінде сөйлемейтінін айтты

Баян Алагөзова “СиСиТай” мюзиклінен қанша пайда тапты

Талқылау