Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Баян Алагөзованың сіңлісі өнер академиясында декан қызметіне тағайындалды

Бағым Мұхитденова жыл басында Жүргенов атындағы өнер академиясының “эстрада және өнер” факультетінің деканы қызметіне тағайындалды.

Бағым Мұхитденова өнер академиясында декан қызметіне тағайындалды

Бұл туралы 31 арнаның “Айта берсін” бағдарламасы хабарлады, деп жазады Stan.kz.

“Мен 2008 жылдан бері осында сабақ беремін. Мен мұнда кафедра меңгерушісі қызметін атқардым. Кейін докторантураға тапсырдым. Ереже бойынша, оқуға түскен адам ешқандай басшылық қызмет атқара алмайды. Сол себепті мен кафедра меңгерушісі қызметінен кеттім, бірақ жартылай сабақ беріп жүрдім. Оқуымды аяқтаған соң, мені декан етіп тағайындады”, – дейді Бағым Мақсатқызы.

Продюсер мұндай жауапты қызметке тағайындалғалы жұмысының көбейіп кеткенін айтады. Бірақ екі бағытты қатар алып жүру қиын емес дейді ол.

“Ештеңе өзгермейді, себебі мен эстрада факультетінің деканымын. Бұл да сол атқарып жүрген жұмысым. Тек жауапкершілік көп. Басқасы баяғыша – концерттер, вокалистер. Бірақ продюсерлік орталықтағы жұмысыммен сол қалпы айналысып жатырмын”, – дейді Мұхитденова.

 

Талқылау