Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Баян Алагөзованың кіші қызы: Мен ешқашан ешкімнің кеңесін жоғары бағалаған емеспін

Танымал продюсер Баян Алагөзованың кіші қызы Айару Бақытбек ешкімнен кеңес сұрамайтынын айтты. Себебі досым жоқ, дейді ол, деп жазады Stan.kz.

Айару Бақытбек

Айару Бақытбектің сөзінше, ол өзгенің айтқан кеңесін жоғары бағаламайды.

«Қатарластарым туралы айтар болсам, кеңес беретін жақсы дос тапқым келеді. Алайда бұл ешқашан болмайды. Себебі мен ешқашан ешкімнің кеңесін жоғары бағалаған емеспін», – деп жазды Айару Instagram-парақшасында.

Сондай-ақ, Баян Алагөзованың кенжесі өзінің досы жоқ екенін де атап өтті.

Менде бір ғана кеңесші және дос бар. Ол – өзім. Ештеңені өзгерткім келмейді, алайда күтемін», – деп жазды ол.

Өз кезегінде желі қолданушылары Айаруды өз жасы үшін өте ақылды екенін айтып жатты. Арасында оның тәкаппар екенін айтып сынағандар да табылды.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау