Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Баян Алагөзованың қайын атасы тойда «эротикалық» би биледі (видео)

Белгілі продюсер Баян Алагөзованың қайын атасы, танымал сазгер әрі дирижер Тұрым Алагөзов желідегі парақшасында тойда билеген сәтінің видеосын жариялады, деп жазады Stan.kz.

Баян Алагөзованың қайын атасы тойда «эротикалық» би биледі (видео)

Белгілі болғандай, сазгер тойдағы байқаулардың біріне қатысып, гавайлық әйелмен би билеген. Олар биге кірісер алдында асаба:

«Қолдау білдіріп отырайық. Эротикалық-тартымды би», – деп хабарлады.

Өз жазбасында Алагөзов тойларды ұната бермейтінін жазған. Алайда бұл тойдың жөні ерекше сияқты…

«Мен үйлену тойларына барғанды ұнатпаймын (уақытты бос өткізу және қателеспесем, соңғы рет 2003 жылы кіші ұлым Асқардың тойында болдым). Алайда таяуда құдам өз қызының тойына шақырды. Тойға бармай қалуым оған деген үлкен құрметсіздік болар еді.

Келдім, дастархан басына отырдым. Осы кезде бәрі басталды…  Үйлену тойында көп дүниенің асабаға байланысты екені ешқашан ойыма келмепті. Сөйтіп, 5 минуттан кейін бәрі танысып, жақын достар саияқты араласып, ән айтып, би биледі. Мені де түрлі байқауларға қатыстырды. Тіпті, осындай да болды», – деп жазды сазгер Instagram-да.

Өз кезегінде желі қолданушылары Алагөзовтың жақсы билейтінін айтып жатты.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау