Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Баян Алагөзованың қайын атасы өзінің элиталы пәтерін көрсетіп, оны тартып алуы мүмкін екенін айтты (видео)

Бірер күн бұрын ғана сот Тұрсынғали Алагөзовтың аппеляциялық шағымын қанағаттандырмай, оны элиталы пәтерінен шығару туралы шешімді өзгеріссіз қалдырған еді. Ендігі Баян Алагөзованың қайын атасы өзінің де пәтерін тартып алуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz.

Баян Алагөзованың қайын атасы өзінің элиталы пәтерін көрсетіп, оны тартып алуы мүмкін екенін айтты (видео)

Белгілі композитор Тұрым Алагөзов Instagram-парақшасында өзінің элиталы пәтерін көрсетті. Пәтерімді тартып алуы мүмкін деген ол өзінен кейін баспанасының кімге тиесілі болатынын ойлап уайымдамайтынын айтты.

«Ештеңе мәңгілік емес… Халықтар да жоғалады, теңіздер де құрғайды, сондықтан адамдар мен оның баспанасы туралы не айтуға болады. Менің пәтерімді де тартып алуы мүмкін. Алайда әзірге мен ол жерде тұрып жатырмын. …Мен, яғни Намыс деген ұғымды білетін адам тұрып жатқандықтан, үйімді таза ұстауым керек. Ал менен кейін үйімнің кімге тиесілі болатыны мені қызықтырмайды. Есесіне бұрынғы иесі туралы ешкім жаман сөз айтпайтын болады», – деп жазды Тұрым Алагөзов.

Сондай-ақ, ол желіде жариялаған видеожазбасында “әр адам өзінің намысы мен үйін таза ұстауы керек” деп, екіұшты пікір білдірді.

 

Ничто не бывает вечным …В Священных книгах говорится , что ” все видимое ~тленно ” . Все , что мы видим , можем потрогать , добыть ( дома , золото , даже земля ) , все может исчезнуть . И народы исчезают , и моря пересыхают …так ,… что уж говорить о человеке и его жилье . Мою квартиру тоже могут отобрать , но пока я там живу …я должен ее сохранять в чистоте , ибо Я там живу ~ Человек , который знает значение слова ЧЕСТЬ. Мне совершенно безразлично , кому она будет принадлежать потом , зато НИКТО не скажет плохого слова о бывшем хозяине .

Публикация от Turum Alaguzov (@turumalaguzov)

Айта кетсек, Баян Алагөзованың күйеуі Тұрсынғали Алагөзовтің бірінші некесіндегі ұлы әкесін сотқа берген еді. Ол соттан жауапкерді өзімен бірге тұратын тұлғалармен бірге Алматының Әл-Фараби даңғылында орналасқан элиталы пәтерінен шығаруын сұраған. Нәтижесінде Әрсен Алагөзов әкесін Алматының элиталы ауданындағы пәтерінен қуып шықты.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау