Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Баянда маған деген менменшілдік қатынас болды: Рымбаева Алагөзовамен қарым-қатынасы жайлы бар шындықты айтты

«Если честно» бағдарламасының кезекті қонағы болған белгілі халық әртісі Роза Рымбаева танымал продюсер Баян Алагөзовамен арадағы қарым қатынасы жайлы бар шындықты айтып берді, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Баян Алагөзовамен арадағы қарым қатынасы жайлы бар шындықты айтып берді,

«Если честно» бағдарламасының жүргізушісі Роза Қуанышқызына көкейін тескен сұрақты қойып, халық әртісі мен танымал продюсер Баян Алагөзованың қандай қарым-қатынаста екеніне қызығушылық танытты. Оның бұлай қызығушылық білдіруіне де себеп бар көрінеді. Себебі, осыдан бес жыл бұрын «Гәкку» арнасының тұсаукесеріне орай өткізілген конференцияға дейін әлдебіреу арнаға хабарласып, «ол жерде Баян болмайтын шығар, өткені Роза Қуанышқызы мен Баян Мақсатқызының арасы аса жақсы емес» деген екен. Ал, бүгінде бұны естіген Роза апайымыз ондай сөздерді кімнің айтып жүргенін білмейтінін жеткізіп, ол қауесетті жоққа шығарды.

«Мұндай әңгімені кімнің айтып жүргенін білмеймін. Себебі, біз Баянмен ешқашан қақтығысқан емеспіз. Екеуміз ешқашан жақын араласпағанбыз да және қандай да бір қақтығысты жағдайларда бір-бірімізге қарсы көзқарас көрсеткен емеспіз. Ешқашан. Мүмкін, екеуміздің бір-бірімізге деген суық қатынасымыз болған шығар. Біріншіден, оның маған деген қатынасы. Себебі, ол жас әншілерге продюсерлік етіп жүрген адам. Ал Рымбаева 100 жыл бұрын ән айтып жүрсе, әлі ән салып жүр. Сондықтан, меніңше Баянда маған деген менменшілдік қатынас болды. Және өзіне деген жоғары бағалаушылық болды. Мен бұны оның көзқарасынан сездім»,- дейді халық әртісі.

Роза Қуанышқызының айтуынша, Баян Алагөзова онымен барлық уақытта амандаса бермейді екен.

«Мен оның анасындай адам болсам да, ол менімен барлық уақытта амандаса бермейтін. Бірақ, біздің жас жұздыздардың көбісінің мінезінде осындай кемшілік бар. Бұл мәдениеттің жоқтығында шығар. Себебі, олар қаншалықты жарық жұлдыз болса да, олардан үлкен аға буын бар. Олар сол біздің музыкалық жолды жалғастырады, біз оларға ұзтазбыз, қазақ эстрадасының атасы мен анасымыз»,- дейді Роза Қуанышқызы.

Роза апайымыз тіпті, кейбір түсірілім алаңдарында Баян Алагөзованы 3-4 сағат күткен кездер де болғанын айтып, ренішін білдірді.

«Кейбір түсірілім алаңдарында мен оны бірнеше сағат күттім. Содан кейін Баян келмейінше түсірілімді бастамаймыз деді. Сол кезде ол үш сағаттан кейін келді. Сонда мен: біз кімді күтуге міндеттіміз, мені ме, әлде Баянды ма дедім. Және, осыдан менде жағымсыз сезім қалып қалды, бірақ екеуміз ешқашан бір-бірімізге қарсы пікір білдірмегенбіз. Біз екеуміз мүлде араласпағанбыз. Себебі, ол – менің ортам емес, ал мен – оның ортасы емеспін»,- деді халық әртісі.

Роза Рымбаеваның сөзінше, Баян Мақсатқызы продюсерлік еткен қыздардың өзі кезінде амандасуды бірмеген көрінеді.

«Тіпті, эстрадаға фонограммамен жаңадан еңбектеп келе жатқан жап-жас қыздардың өзі жұлдыздары ұстап, менімен амандаспайтын»,- деп ренішін білдірді Роза Рымбаева.

Айта кетейік, Роза Рымбаева бұған дейін Мейрамбек Бесбаев деген әнші бар, оның түк даусы жоқ деген болатын.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау