Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Баян Алагөзова “сыртқы келбеті өзгеріп кеткен” деп сынағандарға жауап берді

Баян Алагөзованың сыртқы келбетіне қатысты жолданатын сауал көп. “Түр-әлпетіңіз өзгеріп кеткен”, “пластикалық ота жасаттыңыз ба”. Дәл осы сауалдар танымал продюсердің көңіліне тиеді әрі мезі еткен. Бұл орайда Мақсатқызы өзін сынаған жұртқа жауап берді, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Баян Алагөзова

“Маған: “Пластика жасаттыңыз ба?” – деген сауал жиі жолданады. Ненің пластикасын? Бетіме көңілім толады. Өкінішке қарай, екі жыл бұрын орын алған оқиға кескінімді өзгертті. Бұрынғы қалпыма келу үшін мұрныма және басқа да жерлеріме пластика жасатуым керек. Ота жасатқандықтан қазіргі түрім басқа емес, керісінше жасатпағандықтан өзгеше. Әрине, ол үшін көңілім түседі. Сол себепті “басқасыз, шынайы емессіз” деген сынды пікірлер орынсыз. Өкінішке қарай, бізде тәрбиесіз адамдар көп.

Менің басымнан өткен жағдайды ешкімге тілемеймін. Ернімді үлкейткен емеспін, пластика жасатқан жоқпын, филлер қойған жоқпын, қабағымды кестірген жоқпын, ботекс салдырмадым, тағы не? Өзіме жүйелі түрде күтім жасаймын, күніне екі рет. Апта сайын косметологқа барамын. Массаж бен маска жасатамын.

Оның бәрін үйде де істеймін, ол үшін уақытымды аямаймын. Себебі еш жерім салбырап тұрған жоқ, ал терім жарқырап тұр. Өзімді мақтан тұтамын. 44 жаста болсам да, 20 жастағы қыздың қасында еркін сезіне аламын. Себебі менің белім көптеген жас қыздардікімен салыстырғанда жіңішке. Неге? Себебі өзімді, мамандығымды, балаларымды құрметтеймін. Балаларым маған ана ғана емес, әйел ретінде де қарайды. Барлық оқырмандарыма айтарым: менен мін іздемеңіздер. Мен сұлулықты жақсы көремін. Тек сыртқы емес, ішкі сұлулыққа да талпынамын”, – дейді Алагөзова.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау