Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Баян Алагөзова Меруерт Түсіпбаеваның шағымына жауап берді

Баян Алагөзова мен Меруерт Түсіпбаева арасындағы дау әлі аяқталған жоқ. Алғашқыда әлеуметтік желі арқылы тартысқан қос бикеш енді телеарналарға сұхбат беріп, бір-біріне деген өкпе-назын айтып жүр. Өткен аптада Түсіпбаева тарихи фильм түсіруге Алагөзованың деңгейі жетпеген деп мәлімдеген еді.

Алайда 31 арнадан көрсетілген бұл сұхбаттан Алагөзова хабарсыз болып шықты. Ол “Айта берсін” бағдарламасына берген сұхбатында Түсіпбаеваға қатысты пікірін білдірді.

“Бұл сүйкімді маған әйел еріксіз күлкі сыйлайды. Осы сәтті пайдалана отырып, оған сәттілік, жақсы әндер, сәтті рөл тілеймін. Мен ол сұхбатты көрмедім, бірақ қазірдің өзінде күлкім келіп отыр”, – деп пікір білдірді Мақсатқызы әншіге қатысты.

Естеріңізде болса, дау-дамайға жақын жүретін Түсіпбаева былтыр дизайнер Жадомен соттасқан еді. Әншімен дауласып, біраз тәжірибе жинаған сәнгер Меруерт пен Баянның арасындағы кикілжіңге қатысты ойын айтты.

“Әрбір адам өз жұмысын істеу керек. Бұл жерде ештеңе айта алмаймын. Бірақ, менің ойымша кино түсіру қиын. Сондықтан оған бірдеңе айтпас бұрын өзі солай жасап көру керек. Кино түсіріп, оған қанша қаражат кететінін білу керек”, – дейді Жадо.

Жіберіп алмаңыз:

Баян Алагөзова: Мөлдірдің көзіне қарап шындықты айтудан ұялмаймын

Танымал пародист Олжас Сыдықбек ұлды болды

Ерболат Құдайберген: Димаш еркекке тән емес даусымен бізді әлемге танытып жатыр

Мүгедек қызға ақша беретінін айтқан Қайрат Нұртастың анасы көпшіліктің жүрегін елжіретті

Талқылау