Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Баян Алагөзова ерекше образымен көпшілікті таңдай қақтырды

Белгілі продюсер Баян Алагөзова «Гәкку даусы» фестивалінде ерекше образымен көзге түсті. Ол жапониялық аниме стиліндегі киімімен көпшілікті қайран қалдырды, деп жазады Stan.kz.

Баян Алагөзова

Баян Алагөзова Алматыда өткен «Гәкку даусы» фестиваліне жапониялық аниме стиліндегі киім киіп келді. Оның заманауи әрі сәнді киімі құрбысы, танымал дизайнер Аида Кауменованың қолынан шыққан.

Өз сөзінде Мақсатқызы сахнаға спорттық аяқ киім киіп шығамын деп ешқашан ойламағанын айтты.

«Сахнаға спорттық аяқ киім және бұлықты киіммен шығу қалыпты жағдайға айналады деп ешқашан ойлаған емеспін. Алайда Аида екеуіміз біраз ойластырып, көптеген стильді үйлестіріп, жапониялық кимоно негізіндегі киімді ойлап шығардық», – деп жазды продюсер Instagram-парақшасында.

Баян Алагөзова

Сондай-ақ, ол мұндай образы өзіне де өзгелерге де ұнап қалғанын жасырмады.

Өз кезегінде желі қолданушылары Алагөзованың киіміне таңдай қақты. Пікір қалдырушылардың дені оның киімі әдемі әрі ерекше екенін айтып жатыр.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау