Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Баян Алагөзова Алуа Қонаровамен бірге кеш жүргізу үшін гонорарынан бас тартты (видео)

Осыдан бірер ай бұрын Баян Алагөзова әріптесі Алуа Қонаровамен ел алдында татуласқан еді. Енді шоу-бизнестегі қос бірдей мықты продюсер бірігіп кеш жүргізбек, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Баян Алагөзова Алуа Қонаровамен бірге кеш жүргізу үшін гонорарынан бас тартты (видео)

Алагөзова мен Қонарова жыл сайын ұйымдастырылатын “Гәкку дауысы” фестивалінің тізгінін ұстамақ.

Мұндай қызықты ұсынысты оларға арна продюсері Тимур Балымбетов тастаған.

Бір қызығы, Баян Мақсатқызы әріптесімен бірге кеш жүргізу үшін, тіпті гонорарынан бас тартыпты.
“Алуа – өз ісінің маманы, қуана-қуана келісемін, тіпті гонорарымнан бас тартамын”, – деп мәлімдеді Мақсатқызы.

Алайда Instagram-да екі продюсердің әлденеге келісе алмай жатқан видеосы пайда болды. Бұл жайтты Тимур Балымбетов былай деп түсіндірді:

“Gakku Дауысы 2018 фестивалінде Баян Мақсатқызы, Алуа Қонарова, Тимур Балымбетов және Нұржан Еркінұлы жүргізуші болу керек еді. Бірақ… Қос продюсердің ұрысқанына қарап, біздің жоспарымыздың іске асуы қиын секілді. Не дегенмен біз бұл бикештер тіл табысады деген үміттеміз”, – деп түсіндірді.

Бірақ желі қолданушылары оқиғаның шынайылығына сенбеді. Олар “бұл видео фестиваль алдында қолдан ұйымдастырылған пиар” деп күдіктенді.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Gakku TV (@gakkutv)

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау