Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Баян Алагөзова Алматы көшелерінде жылдамдықты азайтқан Байбекті қолдап шықты

15 қаңтардан бастап Алматы қаласындағы Әл-Фараби, Сайын көшелері мен Шығыс айналма жолында жылдамдық 60 км/сағатқа дейін азайтылды. Бұл орайда белгілі продюсер Баян Алагөзова әкім Байбектің дұрыс шешім қабылдағанын айтып, оны қолдап шықты. Алайда Алматы тұрғындары продюсердің ойымен келіспеді, деп хабарлайды Stan.kz.

Баян Алагөзова Алматы көшелерінде жылдамдықты азайтқан Байбекті қолдап шықты

“Мен бүгін сағат 2-де Әл-Фараби көшесімен жүрдім. Ешқандай да жүйкем тозған жоқ, кептеліс те болған жоқ. Ақырын тоқтаусыз жүріп отырдық. Бары 2-3 минут уақыт, соған бола сонша әңгіме айтылып жатыр. Бұл көшелермен күніне 700 мың автокөлік жүреді. Кептеліс уақытындағы орташа жылдамдық 19 км. Ал Алматы сияқты басқа қалаларда бұл жылдамдық 1,5 есеге артық. Біз де соған барамыз”, – дейді Бауыржан Байбектің өзі.

Ал Баян Алагөзова:

“Әкім дұрыс айтады. Бүгін күні бойы Әл-Фараби көшесімен жүрдім. Алғашқыда кешігіп жатырмын деп кішкене қобалжыдым. Ал кейіннен уақытылы жеткенімді түсіндім. Час-пик уақытында кептеліс болған жоқ. Ал сіздер бұл жайында не ойлайсыздар?” – деп өз ойымен бөлісті.

Алайда Алматы тұрғындары продюсер ханыммен келіспеді.

“Баян ханым, мүмкін сіз әкімнің артынан жүріп отырған шығарсыз. Мен өзім Әл-Фараби Меңдіқұлов көшелерінің қиылысында тұрамын. Бұл көшеге кешкі сағат 17.00-ден кейін түспей-ақ қойған дұрыс. Ал егер сол көшемен жүріп қалған жағдайда, асықпай фильм көруге болады”, – дейді Ерболат Құдайберген есімді оқырман.

“80 дұрыс еді. Кішкене болса да жылдам жүруге болатын жалғыз даңғыл еді. Ал бүгін барлығы тасбақа сияқты жылжыды. Не үшін? Жүргіншілер жолағы да, бағдаршам да жоқ. Не үшін 60?” – деп пікірін білдірді Ақмырзаева есімді желі қолданушысы.

“Әрине, ол түскі уақытта. Әрі менттер бастық ашуланбасын деп жолды ашып отырды”, – дейді Фариза есімді оңтүстік астана тұрғыны.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау