Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының шипажайда түскен жаңа суреттері табылды

Павлодарда Кеңес Одағының батыры, Халық қаһарманы,  жазушы Бауыржан Момышұлының шипажайда түскен суреттері табылды.

S8rsHwojN3w4_e8e29a005ae6f678cf2324ae5600701d18391

Бұл туралы pavlodarnews.kz хабарлайды.

«Анам Несібелді Әбдікәрімова 1975 жылы Сарыағаш шипажайына демалуға барғанда Бауыржан Момышұлын кездестірген. Баукең суретке түсуді ұната қоймайтын. Сондықтан демалушылар ол кісіге жақындай алмай жүр екен. Дегенмен, анам өзінің пысықтығы мен тапқырлығының арқасында аңыз адаммен суретке түсіпті. Тіпті, бір суретте екеуінің әңгімелесіп келе жатқанын көруге болады, бірақ, не жайлы сөйлескендері біздің есімізде қалмағаны өкінішті», – дейді Несібелді Әбдікәрімованың қызы Сайрам Аяшинова.

311d7f8c1f5bd01877fa0580c13a0ea0

Несібелді Әбдікәрімова 2007 жылы 21 наурызда дүние салған. Ол жұбайы Мұкәрам Аяшиновпен 1969 жылы отау құрған. Бүгінде ақсақал Кенжекөл ауылында тұрады.

 

Талқылау