Бауыржан Ибрагимовтың әріптестері әртістің тәртібіне қатысты пікір айтты

Сәрсенбі, 27 Қаңтар , 2016 8:29

Белгілі қазақстандық әртіс Бауыржан Ибрагимов 4 жылдан бері «Шабыт» Қазақ ұлттық өнер университетінде жұмыс істейді. Студенттерге актерлік шеберлік кафедрасында дәріс береді.

72950-preview-image

Бұл туралы KAZPRAVDA.KZ хабарлайды.

26 қаңтар, сейсенбі күні қонақүйлердің бірінде белгілі шоумен Бауыржан Ибрагимовтың шу шығарғаны ұялы телефонның камерасына жасырын түсіріліп, ғаламторда тарап кеткен болатын. Ол жерде әртіс қонақүй қызметкерімен өте дөрекі сөйлеседі.

Оның әріптестерінен әртістің жұмыс орнында өзін қалай ұстайтыны туралы сұраған едік.

«Ұстаздың міндеті тәрбиемен тікелей байланысты. Біз бұл оқиғаны алдағы уақытта оқытушылар кеңесінде талқыға салатын боламыз. Ол қазіргі таңда шәкірттерге актерлік өнер және режиссура бойынша білім беріп жүр. Қызмет еткен 4 жылдан бері оның қатысуымен ешқандай жанжал, тәртіпсіздік болған емес», – дейді ұстаздар.

Дәл қазіргі сәтте «Бауыржан шоу» театрының негізін қалаушы танымал әртіс ҚР халық әртісі Ұлан Нүсіпалиевпен бірге 2016 жылы бітіретін студенттердің дипломдық спектаклін дайындап жатыр екен.

«Әуелі ол жерде нақты не болғанын, дау неден шыққанын біліп алуымыз керек.  Мүмкін ол кінәлі емес шығар», – дейді әріптестері.

Ал әлеуметтік желі қолданушылары дәл осы тақырыпқа қатысты екіге жарылған. Біреулері, ол ішіп алып аузына келгенін айтты десе, енді қызметкер дұрыс жауап бермей әртістің ашуына тиген деп пікір қалдырған.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

6
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
18.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар