Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ибрагимов: Сүрінбейтін тұяқ, жаңылмайтын жақ жоқ

 Белгілі актер Бауыржан Ибрагимов  өзінің дөрекі әрекеті үшін қонақ үй қызметкерінен кешірім сұрады. Ол сол сәтті видеоға түсіріп алған жігітті сотқа бермейтінін айтып, бастығынан оны жұмыстан шығармауды сұрады.

бауыржан

Сондай-ақ, телефонына ыңғайсыз жағдайты жазып алып, ғаламтор арқылы жариялап жіберген жігітке кеңесін де айтты.

“Бұл өте жаман нәрсе. Бұдан былай ондай жасама” ,- деді Бауыржан Ибрагимов. Ал өзі ауыр сөз айтқан қарындасынан дөрекілігі үшін кешірім сұрап, гүл сыйлап бетінен сүйді.

Бұған дейін белгілі әртістің қонақ үй қызметкеріне айтқан ауыр сөздері ел арасында үлкен талқыға түскен еді.

Талқылау