Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бауыржан Ибрагимов қонақ үй қызметкерлерін бет-жүзіне қарамай балағаттаған (видео)

Белгілі әртіс Бауыржан Ибрагимовтің қонақ үй қызметкерлерін беті-жүзіне қарамай балағаттаған сәтін оқиға болған жердегілердің бірі ұялы телефонға түсіріп алған. Әртіс қонақ үй әкімшісін “бос номердің барын бірден айтпадың” деп айыптайды.

бауыржаааааннн

Ал әкімші өз кезегінде “Сіз өз атыңызға алдын ала номер алынбағанын сұрадыңыз” дейді.  Әңгіменің негізгі мағынасы осы болғанымен әртіс жас қызды орысша-қазақшасын араластыра отырып тоқтамай балағаттаған. Бауыржан Ибрагимовты жанындағы жігіттер тоқтатуға тырысқаны мен ол өз бетінен қайтпаған.

Ескерту: Бейнеде бейәдеп сөздер бар

“Әзілкештер” парақшасында тараған бейнені көпшілік үлкен талқыға салған. Бірі кез-келген адам шаршап тұрған сәтте ұзақ тостырса осындай жағдайға түсуі мүмкін екенін айтады. Тағы біреулер халыққа белгілі адам қандай жағдай болмасын ұстамдылық танытуы керек дейді.

Талқылау