Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бауыржан Джолшиев: “Алдағы маусымда қай клубтың сапында ойнайтынымды өзім де білмеймін”

Былтырғы маусымда ел чемпионаты мен Чемпиондар Лигасында керемет өнер көрсеткен “Астана” футбол клубының жартылай қорғаушысы Бауыржан Джолчиев клубсыз жүр. Тіпті футболшының өзі алдағы уақытта қай клубтың қатарында ойнайтынын білмейді.

img

Сурет prosportkz.kz сайтынан алынды

Бұл туралы kazfootball.kz сайты хабарлайды.

“Қазір Алматыдамын. Өздігімнен жаттығу жұмыстарын жасап жатырмын. Ал, алдағы уақытта қай клубта ойнайтынымды өзім де білмеймін. Бұл шаруамен менің агенттерім айналысып жатыр. Агенттерімнің айтуына қарағанда, бірнеше шет елдік клубтардан ұсыныс түскен екен. Бірақ, мен ол клубтардың атын білмеймін. Қазақстандық клубтардың ешқайсысымен оқу-жаттығу жиындарына бармадым. Ақпан айының соңына дейін қайда өнер көрсететінім белгілі болып қалар. Сол кезде хабарласыңыздар, – деп футболшы қысқа қайырған.

Еске сала кетейік, өткен маусымды 25 жастағы жартылай қорғаушысы елорданың “Астана” клубы сапында өткізді. 2015 жылдың соңында футболшының клубпен келісім-шарт мерзімі аяқталған болатын. Сол уақыттан бері Бауыржан Джолчиев клубсыз жүр.

Талқылау