Бауыржан Байбек: Полицей пара сұраса, видеоға түсіріп жариялаңыздар

Алматы әкімі Бауыржан Байбек жемқорлық әрекеттерді видеоға түсіруге кеңес берді. Оны желіге жариялауды да жөн көрді.

Мұндай жағдайда ресми арыз болмаса да, полиция қызметкерлерінің әрекетін тексеруге алатынын жеткізді.

“Арсыз полицейлер – олар психологтар. Олар заңды біледі. Адамның пара беруге дайын екенін білгенде, олармен келісе бастайды. Егер жүргізуші талап ұстанғыш болса, телефон камерасына түсіре бастайды. Олай болмайды. Бірден жұмыстан қуамыз. Тіпті ақ-қарасын анықтап жатпаймыз”, – дейді қала басшысы.

Әкімтұрғындарға полицейлерге ақша беріп, мәселені шешуді ұсынбауға шақырды.

“Пара бердіңіз бе – онда басқа нәрсе айтып даурықпаңыз. Мәселені сол жерде шешкеніне рахмет айтыңыз. Тағы айтарым, жайдан жай адам ақша алмайды. Оларға өздері береді. Егер ақшаны еркіңізден тыс талап етсе, видеоға түсіріңіз. Арыз жазып керек емес. Желіге жариялаңыз. Бірден жұмыстан қуамыз. Азаматтардың көмегімен осылай тәртіп орнатамыз. Өйткені, мен әр полицейдің жанына әкімдік қызметкерін қойып қоя алмаймын”, – дейді Байбек.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Загрузка...
Қазір оқып жатыр