Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бауыржан Байбек өзі туралы ел арасында қандай өсек таратылғанын айтты

Бауыржан Байбек өзі туралы қандай өсек-аяң айтылып жүргенін айтты. Әкім қаладағы ақылы тұрақтар жайлы қаңқу әңгіме жайлы сөз қозғады, деп жазады Stan.kz.

Фото: kokzhailyau.kz

“Менің отбасым тұрақтарға иелік етеді деген әңгіме шықты. Бұны заңды жұмыс істеуді ұнатпайтындар шығаратын секілді. Олар осылайша әкімдікке қысым көрсету арқылы транспортқа өзгеріс енгізуге қарсы шыққысы келеді”, – деді Байбек Астанада өткен брифингіде.

Айтуынша, қалада қандай да бір өзгеріс болса, әлдекімдер қарсы әңгіме шығарып тарата бастайды.

“Мәселен, біз дуалдарды алып тастамақпыз. “Әкім металл, рельстерді сатып жатыр” деп шығарды. Егер заңсыз дүңгіршектерді алып тастасақ, “әкім өз дүңгіршегін қоймақ” дейді. Көшені жөндесек, “әкімнің құрылыс зауыты бар” дейді. Сондықтан біз жөндеушілерден құрылыс материалдарын қай зауыттан алатыны жөнінде ақпарат таратуын сұраймыз. Бұл олардың құқығы. Конкурстан жеңіп алады, материал алатын зауытты өздері таңдайды. Өз шығындарын есептейді”, – дейді әкім. 

Қала әкімінің айтуынша, кей материалдар қайта қолданылады.

“Тіпті кей асфальтті жолды бекіту үшін қайта қолданамыз. Жеке меншік дуалдар қалады. Ал, трамвай рельстерін, ескі вагондарды аламыз. Олар ашық электронды сауда арқылы жүзеге асуда”, – дейді Байбек.

Бұған дейін тұрақтар мен терминалдарға, аялдамаға жалған ақпарат жазып, АParking тұрағының әкімге тиесілі айтқан күдіктілердің ұсталғанын хабарлаған едік.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау