Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бауыржан Байбек "Қайрат" футболшыларымен кездесті

Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек “Қайрат” футбол клубын қабылдап, ойыншылар мен бапкерлер құрамын Қазақстан кубогын жеңіп алуларымен құттықтады.

Бұл туралы “Қайраттың” ресми сайты хабарлайды.

Клуб алдында сөз сөйлеген қала әкімі Бауыржан Байбек, футболшыларды Қазақстан Республикасы кубогын жеңіп алуымен құттықтады. Өз кезегінде бапкерлер штабы мен ойыншылар қала әкіміне көрсетіліп жатқан қолдау үшін алғыс білдірді.

Еске салсақ, өткен сенбіде “Қайрат” Ақтөбеде өткен Қазақстан кубогының финалында “Атырауды” жеңіп, бұл маусымдағы екінші титулына қол жеткізді. Алматылық команда маусым басында ел суперкубогын жеңіп алған. Ал чемпиондық тартыста әзірге “Астанадан” 4 ұпайға қалып келе жатыр.

Талқылау