Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бауыржан Байбек автобустармен бірге көлік тұрақтарын шетелдік инвесторларға бермек

Алматы әкімі асты тесілгенше жолаушыларды тасып жүрген муниципалдық автопарк басшылығын жұмыссыз қалдырды. Әкімдікке қарайтын қоғамдық көліктердің қорқынышты түрінен шошынған Бауыржан Байбек мекеменің 70 пайызын жекенің қолына берді.

байбек

Бұл туралы ктк арнасы хабарлайды.

Алматыдағы 1600 автобусқа бұдан былай иелік ететін инвестор ескі автобустарды жаңасына ауыстыруға міндеттелген. Қазірдің өзінде су жаңа 200 автобус алынып қойыпты.

Осы сияқты автотұрақтарды да жекеге тапсыру жағы қарастылып жатыр екен. Ақылы көлік тұрақтарымен алысып шаршаған әкімдік осы арқылы төлемақы жүйесін реттестіріп алмақшы. Көлік тұрақтарының ендігі иесі тиын-тебен жинап қана қоймай, оларды шетелдегідей автоматтандыруы тиіс.

«Сапаны арттыратын кез келді. Қоғамдық көлік саласын ретке келтіруіміз керек. Кімде кімнің бұл тұрғыда жақсы идеялары болса, тыңдауға әзірміз»,-дейді Алматы қаласы әкімі Бауыржан Байбек.

Талқылау