Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Эстафетаны жалғастырған Бауыржан Байбек “Алмапыс батыр” жырын оқыды (видео)

Алматы әкімі Бауыржан Байбек “Тұлпар мініп, ту алған” эстафетасын жалғастырып, “Алпамыс батыр” жырынан үзінді оқыды.

Әкімнің жырдан үзінді оқыған сәті Facebook желісінде жарияланды.

“Мен бұл эстафетаны Президент әкімшілігі ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі Аида Балаевадан қабылдап алдым. Эстафетаны белгілі режиссер Ақан Сатаев мен боксшы Қанат Исламға, әнші Димаш Құдайбергенге тапсырам”, – дейді Байбек.

Бұл науқанды Алматы әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев қолдады. Ол Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Мақсат Скаковтан эстафетны қабылдап алғанын айтты.

Бірнеше ай бұрын қолға алынған “Тұлпар мініп, ту алған” жобасы бүгінде ұлттық сипатқа ие. Оған қатысу – біздің әрбіріміз үшін үлкен мәртебе”, – деді Арман Қырықбаев.

Айта кетейік, эстафетаны Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев, “Қазақстан”  арнасының басшысы Ерлан Қарин, тележүргізші Ләйлә Сұлтанқызы қолдаған еді. Жоба мақсаты оқушылардың батырлар жырына деген қызығушылығын ояту.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау