Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бауыржан Әбдішев мерзімінен бұрын бостандыққа шығудан бас тартты

Қарағанды облысының экс әкімі Бауыржан Әбдішев мерзімінен бұрын бостандыққа шықпайтын болды. Өйткені ол осы тұрғыда сотқа өткізген арызын кенеттен қайтып алған,-деп хабарлайды ктк арнасы.

эксәкім
Онысының себебін де ешкім білмейді. Әйтпесе, аудандық сот үкімі бойынша кесілген 5 жылды, апелляциялық инстанция 3 -ке дейін азайтқан. Ал 2014 жылдың қазан айынан бері сол 3 жылдың жартысын өтеген еді. Арызы да сәуірдің 20- сы күні қаралып, бостандыққа шығуына да еш кедергі болмаған.

Бірақ, сотқа бір күн қалғанда Әбдішев ойынан айнып, арызды қайтарып алыпты. Естеріңізге салсақ, Қарағандының экс-әкімі «Ахметов ісі» бойынша сотталған шенділердің бірі. Ал экс- премьердің өзіне 8 жыл жаза кесілген болатын.

Талқылау