Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бауыры сау жігітпен көңіл қосқысы келетінін хабарлаған медбике елдің зәресін алды

Желі қолданушылары Tinder-де ағзасы сау жігіт іздеп жүрген қыздың хабарландыруын оқып жағаларын ұстады.

Бауыры сау жігітпен көңіл қосқысы келетінін хабарлаған медбике елдің зәресін алды

Бұл туралы Lenta.ru-ға сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Онда Николь есімді 26-жастағы мейірбике ұзақ мерзімді қарым-қатынас құруға ниетті ер адам іздеп жүргенін жазған. Оның болашақ сүйіктісі ынталы, ыждаһатты, тіл алғыш, сенімді және дені сау жігіт болу керек. Бойында осындай қасиеттері бар адамды іздеген бойжеткенді, әсіресе соңғы талап көп қызықтырды.

Сонымен қатар, Николь болашақ жігітінің бүйрегі мен өкпе сау, сондай-ақ жүректің синус ырғағы  міндетті түрде болуы керек деп түсіндірді. Бұған қоса, оның іздеуіндегі адам бауырға зиян келтіруі мүмкін деген шылым секілді шегетін заттардың ешқайсысын да қолданбауы керек.

Никольдың бұл хабарламасын оқыған желі қолданушылар жас медбикенің талабына аң-таң болып, жағаларын ұстады. Ал, кейбіреулері бойжеткен іздеп жүрген адамын тапқаннан кейін оның ағзасын өзіне алып алмақшы деп болжады.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау