Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бауырды қалпына келтіріп, ұзақ өмір сүрудің жолы табылды

Стэнфорд университетінің медицина ғалымдары бауыр жасушаларындағы теломеразды ферменттің белсенділігінің артуы ағзаны қалыпқа келтіруге ықпал етеді деген қорытындыға келді. Осылайша, циррозды және бауыр жасушаларының қартаюымен күресетін препараттарды жасауға болады.

Бұл туралы EurekAlert сайтындағы баспасөз хабарламасында айтылды, деп жазады  Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Теломераз – бұл теломер ұзындығының шамадан тыс қысқаруына кедергі келтіретін ақуыздық кешен. Ол жасушалар бөлінген сайын қысқарылатын хромосомалардың соңғы бөлігі.

Теломердің ДНҚ-сы кодталмағандықтан, бұл бөліктер генге зақым келтірмейтін қорғаныш қызметін атқарады. Теломерлерді қысқарту – бұл жасушаның қартаюының себептерінің бірі.

Теломеразды белсенділікті бұғаттайтын мутациялар кеміргіштер мен адамдарда циррозды тудырады. Сонымен бірге, бауыр обырының қатерлі жасушаларында ферменттің шамадан тыс белсенділігі байқалады. Зерттеушілер тышқандарда бауыр жасушаларының (гепатоциттердің) 3-5 пайызы теломераздың көп мөлшерін шығаратындығын анықтады. Бірақ оларда қалыпты метаболизмге қатысатын гендердің белсенділігі төмен. Бұл жасушалар бауырға біркелкі бөлінген. Ал егер ағза  зақымданған жағдайда олар көбейіп, жаңа тін қалыптастырады.

Ғалымдар зерттеудің нәтижелері бауырды қалыпқа келтіретін, сондай-ақ онкологиялық аурулардан қорғап, қартаю кезінде дененің дұрыс жұмыс істеуін жақсартатын препараттарды жасауға көмектеседі деп үміттенеді.

Оқи отырыңыз:

2018 жылдың сәуір айына арналған жұлдыз жорамал

Аумағы футбол алаңындай аралдағы 1000 адам қалай өмір сүріп жатыр (фото)

Екі метрлік қолтырауынды жұтпақшы болған анаконданы адамдар үшін қауіпсіз деп тапты

Дәмді тағамның иісін сезген піл туристер мінген көлікті аудара жаздады (фото)

Талқылау