Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Батысқазақстандық парашютші Ресейде өткен жарыста жеңімпаз атанды

Ресейдің Саратов қаласындағы «Дубки» әуежайында Юрий Гагариннің ғарышқа ұшуына 55 жыл толуына арналған парашют спортынан өткізілген бүкілресейлік жарысқа БҚО құрамасы қатысып қайтты.

аа

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Парашют спортынан БҚО құрамасының аға бапкері Раис Сүйіндіковтың хабарлауынша, аталмыш жарысқа батысқазақстандықтардан басқа Ресейдің Ульянов, Саратов, Волгоград облыстары мен Чувашиядан спортшылар қатысып, жерге дәл түсуден бақ сынады.

Безымянный

БҚО құрамасы сапында Евгений Кутафин, Илья Китин, Алексей Кочетков, Виолетта Кухаренко, Александра Ларина өнер көрсетті. Топтық секіруден ерлер арасында БҚО құрамасы төртінші орынға табан тіреді. Әйелдер арасында командалық есеп жүргізілген жоқ. Жекелей сында әйелдер арасында Александра Ларина бірінші орынды иеленіп, жеңіс жалауын желбіретті.

Талқылау