Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Батыс Қазақстанда ауыр қылмыс жасады деп айыпталған әкімге ашынасы араша түсті

Келіншек соттан өзін өлтірмек болған көңілдесі, яғни Теректі ауданының бұрынғы әкімі Жеңіс Серікқалиевті босатуды сұрап отыр. Сегіз жерінен пышақталып, өлім аузынан қалса да Кристина Сәлімгереева оны кінәлі емес деп, аппеляциялық шағым түсірді. Бір қызығы, мені өлтірмек болды деп бұған дейін сотқа берген де өзі болатын, деп хабарлайды КТК арнасы.

c44952803e55ad94c8cb86d756a3949d

Ақпан айында Жеңіс Серікқалиев көңілдесі Кристина Сәлімгерееваны өлтірмек болғаны үшін тұтқындалған. Қылмысын жүзеге асыру үшін әкім қарамағындағы бөлім басшысы Қажымұратов пен жүргізушісі Ысмағамбетовті де араластырады. Сот шешімімен экс-әкім сыбайласы болған бөлім басшысымен бірге 11 жылға, ал киллер қызметін атқарған жүргізушісі 10 жылға сотталған болатын. Кристинадан бөлек, Қажымұратов пен Ысмағанбетов те кері шағым түсірді. Ал Серікқалиевтің өзі әзірге үнсіз.

Жіберіп алмаңыз: 

Қазақстандық бойжеткен Бахрейнде құрбысының кесірінен құлдықта болған

Бір әулеттің жалғыз ұлы бедеу келіншегінің ажырасу туралы ұсынысынан бас тартты

Әлішер Кәрімов соңғы рет 11 сыныпта ғашық болған

Талқылау