Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Батыс Қазақстанда ағаштар бүршік жарып жатыр

Орталық Қазақстан өңірі қалың қар мен ақтүтек боранның астында қалды. Салдарынан Елордадан Қарағанды мен Көкшетау бағытына жолдар жабылған. Ал, Орал қаласында күн күрт жылынып ағаштар бүршік ата бастаған.

Безымянный111

Синоптиктер мұны Атлантикадан ығысқан жылы циклонның әсері дейді. Сондықтан алдағы 3 күн осылай көз аштырмайтын боран болады деген болжам бар. Ал Оралда күтілген қардың орынына жауын жауып, сынап бағанасы + 5 тен жоғары көтеріліп кеткен. Мұнда тіпті көктемнің жаршысы болатын бөртегүл мен шеңгел бүр жара бастапты. Мамандар аптаның аяғында күн күрт суытса жылымықта жарып шыққан бүрлердің бәрі үсіп кетеді дейді.

«Мен мысалы ес білгелі бері желтоқсанда мұндай күн райын көрмеппін. Бүр жарған өсімдіктердің шығыны көп болмайды деп үміттенеміз. Бірақ, олардың көбі келесі жылы көктейді деп айту қиын», – дейді  БҚО экология және биология орталығының бөлім меңгерушісі Таисия Скрипникова

Талқылау