Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Батыс Қазақстан облысында балаларына 1 миллион теңге алимент төлемеген ер адам тұтқындалды

Алимент қарыз болған еркек үш тәулікке тұтқынға алынды. Бұл туралы БҚО сотының баспасөз қызметі хабарлайды.

1394709167_alimony-children

Сурет altaynews.kz сайтынан алынды

Оралда ер адам балаларына заң бойынша төлеуі тиіс 1 млн теңге алиментті бермеген. Ер адамның бұл заң бұзушылық әрекетіне байланысты Орал қалалық мамандандырылған әкімшілік соты әкімшілік іс қозғады.

“Орал қалалық №2 сотының қаулысына сәйкес 18.01.2007 мерзімінен бері құқық бұзушы тапқан табысының 1/4 бөлігін беруі тиіс болатын. Жалпы қарыз көлемі – 1,3 миллион теңгені құрап отыр”, – деген соттың баспасөз мәлімдемесінде.

Сот отырысында айыпталушы тұрақты жұмыс орыны болмауы себепті, өзінің міндетін, сот бұйрығын орындай алмағанын мойындады.

“Сот қаулысы бойынша ол айыпты деп табылып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Айыпты 3 тәулікке қамалады”, – делінген БҚО сотының баспасөз хабарламасында.

Сот үкімі заңды күшіне енбеді.

Талқылау