Батырхан Шүкеновтың ағасы халыққа өтініш айтты

Жұма, 8 Сәуір , 2016 9:12

Марқұм Батырхан Шүкеновтың ағасы Бауыржан Шөкенов әншінің жанкүйерлеріне өтініш білдірді.

image

Сурет info-tses.kz

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Дүниеден озған Батырхан Шүкеновтың ағасы Бауыржан Шүкенов әнші қайтыс болған күні ән айтпай, әруағына дұға бағыштауды өтінді.

“Достар, Батыр қайтыс болған күні мешітке, шіркеуге, синагогаға барып дұға бағыштап, әндерін ақырын ғана қосып тыңдасаңыздар, жүрегіміз әлдеқайда тыныш болатын еді. Алматылықтар Кеңсайда құран оқып, оның қабырғасында тұрса… Ал алаңда айтылар өлеңдер үшін әлі талай сылтау табылар. Дұрыс түсініңіздер”, – дейді Бауыржан Шүкенов.

Әнші Батырхан Шүкенов 2015 жылдың 29 сәуірінде Мәскеу қаласында жүрек талмасынан қайтыс болған. Жасы 53-ке қараған шақ болатын. Қоштасу салтанаты әншінің өзі шығармашалық жолын бастаған Жамбыл Жабаев атындағы мемлекеттік филармония ғимаратында өтті.

Естеріңізге сала кетсек, Мәскеуліктердің Батырхан Шүкеновті еске алуға арналған концерт өткізетінін хабарлаған болатынбыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев

Пікір қалдыру


Жансая
7 ай 26 күні кері

“Тыңдасаңыздар” емес – “тыңдамасаңыздар” шығар? Кішкене жазғандарыңызды екі рет қайталап оқысаңыздар етті…

wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
08.12.16
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар