Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Екатерина: Батырдың анасы мұрагерлікті біздің атымызға заңдастырмай отыр

Екатерина Шелякова мен оның жалғыз ұлы әншінің бақилық болғанына әлі күнге дейін сенбей жүр. Батырханның өлімінен кейін қатты қиналып, тұрмыстық қажеттіліктерін өтеуге ақшалары да, басында баспанасы да болмағанын айтады.

image

A’Studio тобының бірінші солисі қайтыс болған соң әнші туысқандарының өмірі түбегейлі өзгереді. Экс жұбайы Екатерина Шелякова мен 14 жастағы Мақсұт есімді ұлы баспанасыз далада қалды. Батырханның Америкада салып жатқан үйін қалған қаржысы төленбегендіктен, отбасынан  баспананы тартып алған. Ал әнші өз кезегінде баласына мұра ретінде көп ешнәрсе қалдырмаған екен. Көзі тірісінде Мәскеудегі пәтерін жалдап тұрса, оның Мәскеуде жер телімдерінің бар екені туралы ақпарат жалған болып шыққан.

Батырхан Шүкенов қайтыс болған күні барлық қарызын өтеп кеткен. Тек авторлық құқыққа байланысты мәселелер шешілмесе керек, деп хабарлайды Starhit.ru.

“Батырдың бұрынғы отбасы  анасының интеллектуалдық иеліктен бас тартса да, нотариусқа барып құжат рәсімдемегенін айтады. Туысқандарынан бұл мәселеге қатысты нақты кімнің айналысып жүргенін білмеймін. Олар әйтеуір менің заңгеріммен кездесуден бас тартады. Осының салдарынан біз Ресей құқық иеленушілер одағы мен Ресей авторлық ұйымынан өзімізге тиесілі ақшаны ала алмай отырмыз. Өйткені біздің қолымызда өзіміздің мұрагер екенімізді дәлелдейтін құжаттар жоқ”, – дейді Екатерина.

Жесір әйел мен әншінің жалғыз ұлына Валерий Меладзе көп көмектескен. Мұны, Екатеринаның өзі же жасырмайды.

“Менің Валерийге деген алғысым шексіз. Ол бізбен хабарласып, хат алмасуға әрдайым уақыт тауып отырады. Мұнымен қатар, Батырдың Қанат Өскенов есімді досы көп көмектесіп жүр”, – дейді ол.

Екатерина мен әншінің туысқандарын қайғылы оқиға да біріктіре алмаған.

“Батырдың туысқандары Мақсұтпен де байланысқа шықпайды. Мүмкін уақыт ерекшелігі кедергі жасайтын шығар. Тек Бауыржанмен хабарласып, қаржы мен заңға қатысты мәселелерді шешіп отырамыз”, – деп әншінің жесірі мұңымен бөлісті.

Әнші қайтыс болған соң Екатерина Флоридадағы құрылыс компаниясымен соттасқан.

“Батырхан несиенің $190 мыңын ғана төлеп үлгерген, ал қалған $460 мың Екатеринаның мойнына ілініп отыр. Оның мұндай ақшасы болмағандықтан, жер мен коттеджді тартып алды. Қайта құдай сақтап, үйге салған ақшаның белгілі бір бөлігін өздеріне қайтарды”, – дейді директоры Олжас Байқанов.

“Қазақстандық және ресейлік әртістерге айтар алғысым шексіз. Енді біздің өзімізге тиесілі баспанамыз бар. Мұнымен қатар, “Пусть говорят” бағдарламасының көп көмегі тиді. Аталған бағдарламадан кейін қорға ақша көбірек түсе бастады. Мамыр айының басында-ақ  құрбымның үйінен жаңа үйге көшіп барамыз деген ниеттеміз. Біз Мақсұт екеуіміз осы күнге дейін Батырдың өмірден озғанына сене алмай жүрміз. Тіпті, ол жай ғана гастрөлдік сапарға кетті деген аңыз ойлап таптық”, – деп Екатерина үйге қаржы жинауға көмектескен барша достарына алғыс айтты.

Осылайша көп қиындықты бастан кешірген Екатерина мен ұлы Мақсұт жақын күндердің бірінде жаңа баспанаға көшіп барады.


Оқи отырыңыз:

Шүкенов: Арманым – туған қалама оралып, ел алдында ән шырқау

Талқылау