Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Батырхан Шүкеновке ұқсайтын видео-оператор Мақпал Исабекованы жылатты (видео)

Мақсат Дәуренбеков есімді жаркенттік видео-оператор I am a Singer жобасына қатысып, төрешілердің жүрегін баурап алды. Майкл Джексон мен Батырхан Шүкеновтің әнін шырқаған қатысушы Мақпал Исабекованың көзіне жас келтірді, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігінің тілшісі.

Батырхан Шүкеновке ұқсайтын видео-оператор Мақпал Исабекованы жылатты (видео)

Исабекова Мақсатты ұстазы Батырханға ұқсатқан сыңайлы. Ол Шүкеновтің әйгілі “Отан ана” әнін шырқап бастаған сәтте-ақ, Исабекова көз жасына ерік берді. Оған жобаның тағы бір төрешісі Элхан Ахмедов те қосылды.

Мақсат Дәуренбеков алғашқыда поп-музыка королі Майкл Джексонның “You are not alone” әнін орындап берді. Алайда өкінішке қарай, залда отырған көрермендердің даусы аз болып, төрешілер Мақсаттың жобадағы тағдырына араласа алмады. Шарт бойынша, залдағы көрерменнің 60 пайыз даусын иеленген жағдайда ғана, төрешілер оның келесі кезеңге өтуіне дауыс бере алады.

“Неге бұлай болды көрермендер? Сен орындаған Майкл Джексонның әнін ешкімнің жүрегі дауалап, айта алмайды. Оны сезіп орындау керек. Сен сезіп орындадың, бірақ өкінішке қарай көрермендер дауыс бермеді, 60 пайыз дауыс жинай алмадың. Жұрттың ойынша оңай болып көрінгенімен, негізі олай емес. Видео-оператордың мынадай керемет ән шырқауы менің таңдайымды қақтырып тұр”, – деп пікір білдірді Сәкен Майғазиев.

Бұл ретте Мақпал Исабекова қатысушыдан Батырхан Шүкеновтің әнін орындап беруді өтінді.
“Өте таза адамды көріп тұрмын. Сондай жүрегіңіз, ниетіңіз таза. Адам ретінде мені баурап алдыңыз”, – деген Мақпал ағыл-тегіл жылады.

Оған төреші Элхан Ахмедов те қосылды.

“Иә, бұл өмір, бұл тағдыр. Иә, аздап вокал жетпей қалды, есесіне қандай үлкен жүрекпен айттың. Сен әлдеқашан мына сахна шеңберінен асып кеткен адамсың”, – деп пікірін білдірді ол.

Еске сала кетейік, күні кеше дәл осы жобаға әнші Бейбіт Қорған қатысып, келесі кезеңге өте алмай қалған болатын. 

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау