Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Батырхан Шүкенов атындағы қор әншінің есімі жазылған футболкалар шығарды

 Батырхан Шүкенов атындағы қор BATYR есімі жазылған дизайнерлік футболкаларды шығарды.

39f78d3f00de51093b5f5788324e1c11

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

«Сіздердің сұраныстарыңыз бойынша Батырхан Шүкенов атындағы қор әйелдер мен ерлерге арнап осындай стильді футболкалар мен күртешелер шығарды. Тауарды сатудан түскен қаражаттың барлығы қор кеңсесіне жұмсалады», – делінген қордың ресми сайтындағы хабарламада.

Еске сала кетейік, 2015 жылы 28 сәуірде Батырхан Шүкенов қаза тапты

Қазір Батырхан Шүкенов атындағы қор белсенді түрде қызмет етіп келеді. Алматыда Батырхан Шүкенов атындағы мәдени орталық құру жоспарланған. Оның жанында мектеп-студия жұмыс істейтін болады. Сонымен бірге  концерттік залдың, мұражайы бар мемориалдық кешеннің және видеодәмхананы ашу, жас дарындыларға көмектесетін продюсерлік орталық құру көзделген.

Сонымен қатар, Қазақстанның музыкалық білім беру мекемелерінде тегін оқуға мүмкіндік беретін Батырхан Шүкенов атындағы  шәкіртақы құру межеленген.

 

Талқылау