Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Батырхан Шүкеновті еске алуға арналған «Отан-Ана» байқауы өтеді

Биыл 26-28 сәуір күндері тұңғыш рет Қызылорда қаласында әнші-композитор Батырхан Шүкеновті еске алуға арналған «Отан-Ана» республикалық әншілер байқауы өтеді.

medium_57014b0b9b9fbe616abac28a3392152a

Фото: vokrug.tv

Бұл туралы Stan.kz сайты хабарлайды.

Батырхан Шүкенов – танымал музыкант, әнші-композитор, Қазақстан және Ресей эстрадасында өзіндік орнын қалыптастырып кеткен талант иесі. Ол ел есінде өзінің жарқын жүзімен, жүрек тебірентер әндерімен қалды. Саксофонда ойнап, продюсерлік қырымен де танылды. Оның қайталанбас таланты талай жасқа үлгі болды. Сондықтан да, Қызылорда облыстық әкімдігі өнерге құштар жастарға көмектесу мақсатында Батырхан Шүкенов атындағы байқауды ұйымдастыруды қолға алды.

“Өнерге әркімнің-ақ бар таласы”. Осы сөзді өмірлік ұстанымына айналдыра білген  27 әнші Қызылорда қаласында өз бақтарын сынап көрмек. Байқауға еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған 18-30 жас аралығындағы әншілер қатысады.

27 әнші байқаудың бірінші кезеңінде еркін тақырыпта ән салса, екінші кезеңде Батырхан Шүкенов репертуарынан міндетті бір әнді орындайды. Өнерпаздардың бәрі жастайынан Батырхан әндерін естіп, тыңдап өскен. Сондықтан, оның әндерін айту еш қиындық тудырмайтындарын айтады.

Жыл сайын елімізде түрлі ән мен өнер байқауы өтіп жатады. Ал бұл жолғы ән додасының басты ерекшелігі – әншілерге минусовкада бэк-вокалды қолдануға рұқсат берілмейді. Қатысушылардың өнер көрсету реті жеребе бойынша анықталады. Байқаудан тыс, өнерпаздар тал отырғызып, қаланы көгалдандыру жұмыстарына атсалысады.

Жастардың талантын байқап, оларды бағалайтын әділқазылар құрамында елімізге кеңінен танымал музыка саласының кәсіби мамандары мен композиторлар, оранжировка жасаушылар мен өнер және мәдениет қайраткерлері бар. Олар өнерпаздардың әнімен қатар, сахналық костюміне, өзін-өзі ұстауына баса мән береді. Байқау лауреаттары 28 сәуір күні Гала концертке қатысады.


Оқи отырыңыз:

Батырхан Шүкеновтың ағасы халыққа өтініш айтты

Мәскеуліктер Батырхан Шүкеновті еске алуға арналған концерт өткізеді

Көктөбеде Батырхан Шүкеновке ескерткіш қойылатын орын таңдалды

Әли Оқапов Батырхан Шүкеновпен бір кездері бастаған ортақ жұмысы туралы айтты

Алматыда Батырхан Шүкеновтің «Аманат» альбомының тұсауы кесілді

 

Талқылау