Батырдың жеке куәлігін дер кезінде жоймағандар жазалануы мүмкін
Батырхан Шүкеновтің ескі куәлігін интернет арқылы мың долларға сатқан.
Бұл туралы Sputnik басылымы хабарлайды.
Белгілі әнші Батырхан Шүкеновтің жеке куәлігін жоймаған адамдар салғырттыққа қатысты жауапқа тартылуы мүмкін, деп хабарлады ҚР ІІМ мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің басшысы Алмас Садубаев. БАҚ ақпараты бойынша интернетте Батырхан Шүкеновтің жеке куәлігін мың долларға сату туралы хабарландыру жарияланған.
“Заңнамаға сәйкес жеке тұлғаны куәландыратын жарамсыз деп танылған құжаттар, жаңасына ауыстырылған кезде міндетті түрде жойылуы керек. Шүкеновтің құжаттарын жою туралы мәлімет базаға тіркелмеген”, — деп мәлімдеді Садубаев.
Ол, Шүкеновтің құжаттарын ауыстыру кезінде тұрғындарды тіркеу және құжаттандыру ісін Әділет министрлігінің құзырында болғанын атап өтті. Қылмыстық іс Алматы қаласы бойынша мемлекеттік қызмет ісі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттікке берілді.
Жіберіп алмаңыз:
Полицейдің формасымен суретке түскен күзетші сотталуы мүмкін
Алматыда Сейфуллин және Абылай хан даңғылдары бір бағытты болып өзгермек