Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Батыр Жүкембаев мексикалықты нокаутқа жіберіп IBO International титулын жеңіп алды

Бірінші орта салмақ санатындағы қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаев (8-0, 7 КО) Монреальдағы бокс кешінің басты жекпе-жегінде мексикалық Косме Риверамен (41-23-3, 28 КО) кездесті.

20170407084438

Айқас он раундқа созылуы тиіс еді, алайда, жетінші раундта төреші жекпе-жекті тоқтатып, жеңісті қазақстандыққа берді. Осылайша, Жүкембаев IBO International дәрежесіне ие болды. Бірінші орта салмақтағы дәреже үшін жекпе-жек «Метрополистегі» бокс кешінің басты оқиғасы болды, деп жазды Sports.kz.

Одан бөлек, Монреальдағы бокс кешінде қазақстандық Абылайхан Хусаинов (5-0, 4 КО)  мексикалық Кристиан Аррасоламен (23-13-2, 16 КО) кездесті. Екінші раундта, яғни 2 минут 38 секундта қазақстандық Хусаинов мексикалық Аррасоланы нокаутқа түсірді.

Жіберіп алмаңыз:

Спортшы сүйіктісіне тура ринг төрінде ұсыныс жасады (видео)

Бауыржан Исламхан “Қайрат” жанкүйерлерімен ерегесіп қалды (видео)

FISU президенті елбасы Назарбаевқа алғыс хат жолдады

Талқылау