Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Батыр Байбек: Кәсіпкер Құдайберген Алматы әкімін өзгеге қимайтынын айтты

Желіде Алматы әкімі Бауыржан Байбектің қызметі жоғарылап, елордаға кетуі мүмкін деген ақпарат тараған. Бұл ретте қала тұрғындарының бір тобы Байбекпен қоштасуға асықпайтындарын жазуда. Олардың қатарында белгілі кәсіпкер Қайрат Құдайберген де бар, деп жазады Stan.kz.

Фото Қайрат Құдайбергеннің жеке мұрағатынан

“Жоғарылаған жақсы ғой, бірақ Алматының тұрғыны ретінде Байбектің кеткенін қаламас едім. Небәрі екі жылдың ішінде ол алға қойылған мақсат-міндеттерді қалай орындау керектігін көрсетті. Қала көркейді. Жаңа алаңдар, саябақтар, скверлер, велосипед жолақтары пайда болды. Бір кездері сол жолақтарды сынағаным үшін қазір ұялып отырмын. Бұл жағдайға көлік жүргізушінің көзімен қарадым. Ал өзім велосипедке отырған соң Байбекке деген ризашылығымның шегі болмады”, – деп бастады сөзін Қайрат Құдайберген.

Қайрат Құдайберген жаз бойы жұмысқа велосипедпен қатынағанын айтып, жұртты таңғалдырды. Айтуынша, жұмысқа бару үшін ол көлікпен 40 минут, ал велосипедпен небәрі 15 минут жұмсаған.

“Алғашқыда елдің бәрі маған есі дұрыс емес адам сияқты қарады, кейіннен өздері де қатарыма қосылды. Біздің климаттың жыл бойы велосипедпен жүруге мүмкіндік бермейтіні өкінішті”, – дейді миллионер.

Сондай-ақ, кәсіпкер қаладағы қар тазалау жұмыстарының тыңғылықты атқарылғанын айтып, Байбектің мақтауын асырды.

“Олар 24 сағат үздіксіз жұмыс істеді. Қаланың барлық көшелерін тазалауға тырысты. 2017 жылы Панфилов көшесі “жұлдызға” айналды. Онда серуендейтін адамдар қатары көбейді (өкінішке қарай, жалға беру ақысы да қымбаттады). Жалпы велосипедпен жүру сәнге айналды және бұл дұрыс тренд деп ойлаймын”, – деп түсіндірді Құдайберген.

Қайрат Құдайберген Бауыржан Байбекті бүгінгінің батырына теңеді.

“Қазақта “Өсер елдің жігіті бір-бірін батыр дейді, өшер елдің жігіті бір-бірін қатын дейді” деген сөз бар. Байбек сөзсіз батыр. Әлі де шешілмеген мәселе көп, әрине. Алайда бірігіп, бір-бірімізді батыр дейтін болсақ, қаламыз да, еліміз де көркейе түспек.

Қорытындылай келе, Алматыға Байбек сияқты әкім керек дер едім. Себебі Алматы жастардың қаласы, ал жастар бар жерде өзгеріс болған дұрыс”, – деп түйіндеді сөзін ол.

Жіберіп алмаңыз: 

Шенеунік ұйықтап отырғанын суретке түсіріп алғандардан 1 миллион теңге талап етті

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес басқармасының қызметкері мас күйінде көлік жүргізгені үшін ұсталды

Дана Нұржігіт алғаш рет Владимир Рерихпен ажырасу себебін айтты

Шымкент тұрғыны той қонақтарына 150 килограмдық торт ұсынды (видео)

Талқылау