Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

«Батыр арулар» байқауының қатысушысы 500 сағатын аспанда өткізген

19132 әскери бөлімінің борт жолсерігі сержант Әйгерім Ыдырысова Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде 2010 жылдан бері қызмет атқарады. Бұл уақыт аралығында ол көкте 500 сағатын өткізген.

449a743e7937550d9f3ce548b5116867

Бұл туралы bnews.kz сайты хабарлайды.

ҚР ҚК әйел әскери қызметшілері арасындағы екінші «Батыр арулар» байқауы телеграфистер, армия спортшылары, әскери дәрігерлер секілді әртүрлі мамандық иелерінің басын қосып отыр. Әуе қорғанысы күштерінің өкілдері де назардан тыс қалған жоқ. 19132 әскери бөлімінің борт жолсерігі сержант Әйгерім Ыдырысова ҚР ҚК ӘҚК-де 5 жылдан аса қызмет атқарады.

ҚР Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, оның отбасында әскери адам болған емес, алайда, бойжеткен бала кезінен әскери қызметші болуды армандапты.

3fb2912b849d722eee36a69b1c86b0c1

«Борт жолсерігі лауазымында мен Ту-134, Ту-154 ұшақтарында көк аспанға көтерілдім, ал 2015 жылы Боинг-757 ұшағында ұшу үшін Вильнюстің Литва қаласында білімімді жетілдірдім. Ұшатын күні медициналық тексеруден, техникалық байқаудан өтемін, бортты дайындаймын, авиациялық-құтқару жабдығын, оттегі баллондарын, өрт сөндіргіштерді тексеремін. Сондай-ақ борттағы тазалық пен тәртіпке жауап беремін”, – дейді Әйгерім.

Қарулы Күштерінің борт жолсеріктерінің азаматтық авиациядан бірден-бір айырмашылығы осы. Маған ұшқан өте ұнайды, менің айтарым аспан – менің екінші үйім деуге болады», – дейді «Батыр арулар» байқауының қатысушысы сержант Әйгерім Ыдырысова. Әйел әскери қызметшілер арасындағы екінші «Батыр арулар» байқауына қатысу үшін өтінімдерді қабылдау аяқталғанға дейін тура 10 күн қалғанын естеріңізге сала кетейік.

Осы жылдың аяғына дейін өз өмірлерін Отанға қызмет етуге сарп еткен қыз-келіншектерге өздері туралы айтып беруге әлі де мүмкіндіктері бар. Екінші кезең – бұл 2016 жылғы сәуірдің 1-і мен маусымның 15-і аралығында өтетін ҚР Қорғаныс министрлігінің www.mod.gov.kz ресми сайтында ашық түрде дауыс беру. Өткен жылдағыдай байқау жеңімпаздары барынша көп дауыс жинау арқылы анықталады.

«Батыр арулар» – ҚР ҚК қыз-келіншек әскери қызметшілері арасындағы республикалық байқау. Бірінші байқауға еліміздің түкпір-түкпірінен 123 әйел әскери қызметші қатысқан болатын.

Талқылау