«Батыр арулар» байқауына дауыс беру басталды (фото)

Жұма, 1 Сәуір , 2016 15:55

Қазақстандықтардың Қарулы Күштерде қызмет етіп жүрген әскери кәсіп иелерінің 12 үздік өкілін өздері таңдауына жақсы бір мүмкіндік туып отыр.

ҚК7

Бүгін, 1 сәуірде «Батыр арулар» байқауының қатысушыларына онлайн дауыс беру басталды, деп хабарлады ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

ҚК1

Дауыс беру Қорғаныс министрлгінің www.mod.gov.kz. ресми сайтында өткізілуде. Оның қорытындысы бойынша ҚР Қарулы Күштері әскери кәсіп иелерінің 12 үздік өкілі анықталады. Байқау Қазақстандағы қыз-келіншектердің әскери қызметін жария ету үшін ҚР Қорғаныс министрлігінің бастамасы бойынша ұйымдастырылды.

ҚК6

2016 жылы «Батыр арулар» байқауына 200-ден аса өтінім қабылданды. Оның ішінде байқаудың техникалық талаптарына сәйкес келген 80 сауалнама іріктелінді.

ҚК5

«Батыр арулар» байқауы – бұл қоғам үшін жақсы резонанс туғызған әйел әскери қызметшілер арасындағы тұңғыш республикалық байқау. Әскери қызмет – мен үшін мәртебе және мақтаныш сезімі, біз ерлермен бірге иық теңестіре отырып, өмірімізді Отанға қызмет етуге сарп еттік. Мен бұл байқаудың үйымдастырылып, өткізілуіне мұрындық болған Қорғаныс министрлігінің басшылығына шексіз алғысымды білдіремін. Аталмыш байқау бізге қарым-қабілетіміз бен кәсіпке деген ықыласымызды көрсетуге жақсы мүмкіндік берді», – деді «Батыр арулар – 2015» байқауының жеңімпазы аға лейтенант Әлия Хайрулина.

ҚК4

Байқау қатысушыларына жүктелген тапсырмаларды сәтті орындай алатынын, сондай-ақ далалық жағдайларда жауынгерлік айла-тәсілдер мен сабақтарды өткізе алатынын дәлелдеуге тура келеді.

ҚК3

«Аталмыш байқау мен үшін маңызды болды. Бұл басқа байқаулардан ерекшеленетін әскери қызметшілер арасындағы бірден-бір конкурс. Осынау байқауда мен тәжірибе жинақтап, дене даярлығымның қандай деңгейде екенін аңғардым. Мен барлық конкурсанттарға сәттілік және жеңіс тілеймін», – деді «Батыр арулар – 2015» байқауының жеңімпазы сержант Ботагөз Мұсаева.

ҚК2

Байқаудың негізгі міндеті Қазақстандағы әйелдердің әскери қызметінің оң имиджін қалыптастыру, әскери кәсіптің беделін арттыру болып табылатынын естеріңізге сала кетейік. Тұңғыш байқаудың қатысушылары әртүрлі кедергілерді еңсерді, қарумен уақытқа толық жауынгерлік амуницияда жүзді, дене даярлығын көрсетті, далалық жағдайларда жауынгерлік айла-тәсілдер мен жаттығуларды орындады.

ҚК

Жеңімпаздар «аман қалу курсымен» қарқынды жауынгерлік даярлықтан өтті, олар танк астында жатты, парашюттен секірді және оқ атты. Әскери қызметшілер ұдайы әзірлікте екенін және оларға жүктелген тапсырмаларды сәтті орындайтынын дәлелдеді.

ҚК8

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
25.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар