Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Батылдығының арқасында өзіне өзі ота жасап аман қалған дәрігер (фото)

Әдетте зерттеушілер сапарға аттанғанда олардың жанында міндетті түрде дәрігер жүреді. Олар ауырып қалған жағдайда дәрігердің қарауында болады. 1961 жылы Антарктида сапары кезінде қатысушының бірінің оң жақ іш бөлігі ауырып, жүрегі айныған. Ал, науқас адам дәрігердің өзі болған.

autosurgery01

Оны қарайтын өзге ешкім табылмаған соң, дәрігер өзіне өзі ота жасауға бел байлаған.

29 сәуір күні дәрігер, хирург Леонид Иванович Рогозов өзінде соқырішектің белгілерін байқаған. Ешқандай ем-дом көмектеспейтінін білген соң, ол өзіне өзі ота жасауды жөн көреді.

autosurgery02

Ота кезінде оған ота жасаудан еш хабары жоқ метеоролог, механик пен станса басшысы көмектескен.

autosurgery03

Дәрігер отаны қолғапсыз жасаған. Ол өзіне отаны керісінше көрініп тұрған айна арқылы жасаған. Ота 1 сағат 45 минутқа созылды. Дәрігер ота басталғаннан 1 жарым сағаттан кейін 4-5 минут демалыпты. Дәрігер отаны аяғына дейін жасамаса, соңы не боларын білген соң, барынша шыдауға тырысып баққан.

autosurgery04

Хирург барлығын әдеттегідей атқарып шыққан. Бірнеше күн өткен соң, оның дене қызуы басылып, ол өзін жақсы сезіне бастаған.

Бұл медицина тәжірибесіндегі адамның өзіне өзі ота жасаған бір ғана жағдай болды.

Талқылау