БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

“Батареяның жанында тұрып босандым”: Астаналық әйел перзентхана дәрігерлеріне шағымданды

Астаналық әйел елордадағы №2 перинаталдық орталықтың медициналық қызметкерлеріне шағымданды. Айтуынша ол босанған кезде дәрігерлер өзіне көңіл бөлмеген, деп жазады Stan.kz.

"Батареяның жанында тұрып босандым": Астаналық әйел перзентхана дәрігерлеріне шағымданды

Facebook желісіндегі астаналық парақшалардың бірінде 31 жастағы Ұлболсын Кенжаева 19 ақпанда ұлын дүниеге әкелгенін жазады. Сол кезде перинаталдық орталық дәрігерлері оған көмектеспепті.

«Мен босанған кезде жанымда бір де бір медициналық қызметкер болмады. Палатада батареяның жанында тұрып босандым. Дәрігерлерді айқайлап шақырдым, алайда ешкім келген жоқ. Нәтижесінде нәрестемді еденде босандым. Кіндігін босатып, есікке дейін өзім жеттім. Мұндай жағдайдың XXI ғасырда еліміздің бас қаласында орын алуы қаншалықты орынды?» – дейді әйел.
Өз сөзінде ол мұндай жағдайдың

Ұлболсын Кенжаеваның сөзінше, перинаталдық орталықтың басшылығы болған жағдай үшін жауапкершілікті алудан бас тартып отыр. Сондай-ақ, палатадағы бейнебақылау камерасындағы жазбаны бермей қойған.

Sputnik Қазақстан мәліметінше, Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіндегілер оқиғағ қатысты тергеу басталғанын мәлімдеген.

Елордалық әкімдік 18 ақпанда №2 перинаталдық орталыққа 1988 жылғы әйелдің жүгінгенін растады. Ертесі күні оның толғағы басталып, босану залына ауыстырылған. Сол жерде оны бөлім меңгерушісі қарапты. Мұнан кейін ол ота жасауға кеткен.

«Сағат 12:25-тен 12:50-ге дейін босану залында дәрігерлер бригадасы 4 әйелді босандырып, күрделі ота жасап жатқан. Сағат 12:50-де Кенжаева жылдам босана бастаған. Босану процесі қиындықсыз өткен. Нәтижесінде салмағы 3 355 грамм, бойы 55 см болатын ұл бала дүниеге келді», – дейді әкімдіктегілер.

Қазіргі уақытта анасы мен сәбиі үйіне жіберілді. Дәрігерлер олардың жағдайы қанағаттанарлық екенін айтты.

Сонымен қатар әкімдіктің баспасөз қызметіндегілер перинаталдық орталық дәрігерлері тиісті диагностикалық шаралардың бәрін жасағанын атап өтті. Алайда болған оқиғаға қатысты қызметтік тергеу жүргізіліп жатыр. Әкімнің орынбасары Нұрлан Нұркенов істі өз бақылауына алған.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр