Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Басына ұзындығы 3 метрлік темір кіріп кеткен құрылысшы аман қалды

Қытайда Кан Цзе есімді 56 жастағы құрылысшының басына екінші қабаттан құлаған ұзындығы 3 метрлік металл істік кіріп кеткен.

Басына ұзындығы 3 метрлік темір кіріп кеткен құрылысшы аман қалды

Бұл туралы Daily Mail басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Басылым мәліметінше, оқиға 28 шілдеде Ганьсу провинциясында орын алған. Ер адам құрылыс аумағында басына қорғаныс каскасын киместен жұмыс істеп жүрген. Осы кезде екінші қабаттан құлаған 3 метрлік металл істік оның басына кіріп кетіпті.

Ер адамды ауруханаға жеткізу үшін құтқарушыларға істікті 30 сантиметрге дейін қысқартуға тура келген. Компьютерлік томографиядан байқалғандай, істік ер адамның миына 20 сантиметр тереңдікке кіріп кетіпті.

Басына ұзындығы 3 метрлік темір кіріп кеткен құрылысшы аман қалды

10 хирург зардап шеккен құрылысшыға 3 сағат бойы ота жасап, нәтижесінде басындағы істікті алып шықты.

Басына ұзындығы 3 метрлік темір кіріп кеткен құрылысшы аман қалды

Басылымда аталғандай, құрылысшының жағдайы жақсарып келеді. Ол бір аптадан кейін үйіне жіберіледі деп жоспарлануда.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау