Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Басына темір кірген бала ғажайыптың күшімен аман қалды

Дәрігерлер 10 жастағы баланы басына кірген темірді алып тастады. Олар баланың аман қалғанын өздері де таңғалуда.

Оқиға АҚШ-тың Миссури штатында болған. Бала ағашта отырғанда ара шағып, жерге құлап түседі. Осы кезде ұзындығы 30 см болатын кәуәп шампуры басына кіріп кетеді. Темір шампур көзі мен миын, қантамырларын жарақаттағанымен, аман қалды.

Ксавьердің анасы Габриэль Миллердің айтуынша, ұлы айқайлағанда жанына жүгіріп барады. Оны жедел ауруханаға жеткізеді. Жол бойында ұлы «Мен өліп барам, оны сезіп тұрмын», – деп айқайлаған.

Алдымен жергілікті ауруханаға, кейін Канзас университетінің ауруханасына апарады.

Шампур баланың өмірлік маңызды ағзасын зақымдамағандықтан дәрігерлер оның аман қалғанын айтты. Ота күрделі болды. Шампур қырлы болғандықтан оны алу оңайға түскен жоқ.

Шампурды баланың мойнындағы қантамыры тұсынын алуы қиынға соқты. Дәрігерлер темірдің дәл осылай кіре отырып, өмірлік маңызды ағзаларға зиын келтірмегеніне таңғалды. Олар бала толықтай жазылып шығады деп отыр.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау